Ұлттың денсаулығы

Ақтөбе облысында Қазақстан бойынша алғашқы ПЭТ-орталық ашылмақ

Ақтөбе облысының әкімдігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен ұзақ мерзімді ынтымақтастық аясында GE Healthcare-мен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, оның шеңберінде Қазақстан бойынша алғашқы ПЭТ-орталық ашылмақ.
Ақтөбе 29 Қараша, 12:34

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, құжатқа өңір басшысы Бердібек Сапарбаев және GE Healthcare Ресей мен ТМД елдерінде сату және бизнесті дамыту бойынша өңірлік басшы Леван Баканидзе қол қойды.

«Ақтөбе облысының әкімдігі Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы халықаралық стандарттарды қолдану жұмысын жалғастыруда. Біз GE Healthcare-мен облыстағы денсаулық сақтау тиімділігін арттыру және пациенттерге жоғары білікті көмек көрсету бойынша өңірдің ағымдағы және стратегиялық міндеттерін шешуге бағытталған ынтымақтастықтың басталғанына қуаныштымыз. Бюджет шығыстарын оңтайландыру мақсатында өңірде GE Healthcare жабдығына техникалық қызмет көрсету бойынша бірыңғай орталықтандырылған сервистік келісімшарт жасасу мүмкіндігін қарастыруды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті өңір басшысы.

GE Healthcare Ресейде сату және бизнесті дамыту бойынша өңірлік басшы Леван Баканидзе GE Қазақстанмен денсаулық сақтау саласында әріптестік жасауымен мақтанатынын атап өтті.

Меморандумның қолданылу аясы облыс инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту мәселелерін: позитронды-эмиссиялық компьютерлік томография (ПЭТ/КТ) жүргізуге арналған жабдықпен жарақтандырылған онкология саласындағы облыстық ядролық медицина орталығын құру, орнатылған диагностикалық жабдыққа сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету; Қазақстанның емдік мекемелері жұмысының тиімділігін арттыру үшін кешенді сандық шешімдер қолдану мәселелерін қамтитынын атап өтті.





Яндекс.Метрика