Үкімет

Қазақстанда «ҚазАгро» желісі бойынша субсидиялау және несиелендіру тетігі оңтайландырылады

АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ желісі бойынша субсидиялау мен несиелендірудің жаңа тетігі субсидия алушыларды қамтуды 7 есе кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл жөнінде ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары – ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов ҚР Үкіметінің отырысы барысында хабарлады.
Астана қаласы 29 Қараша, 11:02

Министрдің айтуы бойынша, жаңа жаһандық шындық жағдайларында аграрлық секторды дамытуға негізгі көңіл бөлінеді және алдағы 5 жылда АӨК қазақстандық экономиканың локомотивіне айналу үшін барлық мүмкіндіктері бар.

«АӨК жаңа рөлін іске асыру еліміздің тұрақты дамуын үйлестіреді, еңбек өнімділігін арттырады және халықтың негізгі бөлігінің өмір сүру деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді. Қосалқы шаруашылық жүргізетін ауыл тұрғындары ауқымды кооперация және нысаналы мемлекеттік қолдау арқылы тауар өндірісіне тарту үшін жаңа мүмкіндіктерге ие болады», - деп мәлімдеді А. Мырзахметов.

Ведомство басшысы хабарлағандай, мемлекеттік бағдарламада «ҚазАгро» субсидиялау және несиелендіру тетіктері қайта қаралады. Бағдарламаның іске асырылуы субсидия алушыларды қамтуды 7 есе кеңейтуге мүмкіндік береді.

«Біз «ҚазАгро» субсидиялау және несиелендіру тетігін қайта қарап жатырмыз. Енді осы субсидиялар мен өзгерістерді оңтайландыру нәтижесінде, біз осы субсидияларды 2 есе арттыруға болады деп санаймыз», - деп мәлімдеді министр.

Бұдан бөлек, жеңілдікті несиелендірудің негізгі шарты өңдеу кәсіпорындарын жүктеуді қамтамасыз ету болмақ, ал қымбат емес ауыл шаруашылығы техникасының инвестициялық субсидиялары есебінен техникалық паркті жаңарту қарқыны 1,5-2 есе ұлғайтылатын болады».

Индира Қауметова





Яндекс.Метрика