Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ҚТЖ қытайлық компаниялармен көліктік машина жасау саласында ынтымақтастықты дамытуда

ҚР Премьер министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің ҚХР-ға жұмыс сапары барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Сяньян қаласының басшылығымен және Қытайдың ірі компанияларының өкілдерімен «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА жобасын бірлесіп жүзеге асыру жайын талқылады.
Әлемде29 Қараша , 15:36

«АЭА аумағында инвесторларға барынша қолайлы жағдай жасалған. Ол салықтық жеңілдік, дайын инфрақұрылым, жобаларды жүзеге асыруға қызмет көрсету»,- деп атап өтті Қ. Алпысбаев.

Кездесуде Ляньюньган порты арқылы жүк тасымалын бәсекелестікке сай етіп, транзиттік жүк тасымалына жұмсақ тариф саясатын жүргізу жайы талқыланды. Ағымдағы жылы бірлескен терминал арқылы 200 мың ЖФЭ контейнерлері тасымалданса, 2020 жылдарға қарай 550 мың ЖФЭ контейнер өңдеуді жоспарлап отыр.

Бірлескен терминал қуатын арттыру үшін Ляньюньган портында ШЫҰ логистикалық аймағын ашу жайы қарастырылуда. Ол өз кезегінде 2020 жылдары жүктерді шоғырландыру мен өңдеу үлесін 2,2 миллион ЖФЭ контейнерге жеткізуді қамтамасыз етеді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ хабарлағандай, Пекинде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Қытайдың «CRRC Corporation Limited» мемлекеттік теміржол корпорациясы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Аталмыш меморандум бойынша қазақтандық машина жасау саласы тобымен бірлесіп қытайлық инвесторлардың күшімен бірлестік аясында Қазақстанда болат шығару өндірісін қаржылық және инвестициялық қамту мүмкіндігін қарастырады.

CRRC Corporation Limited (CRRC) корпорациясы әлемнің жүз еліндегі көліктік машина жасау саласындағы 46 ірі локомотив, жүк және жолаушылар вагондары, электртартымы мен транформатор шығаратын зауыттардың ішінде жетекші орынға ие.




Яндекс.Метрика