Евразиялық одақ

Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 2016 жылы 35 млн долларды құрады

Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек кезеңінде 35394,8 мың АҚШ долларын құрады, деп хабарлады өңірдің статистика департаменті.
Қызылорда29 Қараша , 09:36

Сонымен, экспорт - 14882,6 мың АҚШ долларын, импорт 20512,2 мың АҚШ долларын құрады.

Қызылорда облысының экспорт құрылымында минералды өнімдер (тұз – ЕАЭО елдеріне экспорттың жалпы көлеміне 49%, табиғи құм – 6%, мұнай және мұнай өнімдері – 3,8%), химиялық өнеркәсіп өнімі - 15,6%, жануарлардан және өсімдіктерден шыққан өнімдер, дайын азық-түлік тауарлары (күріш – 21,7%, жаңа ауланған, қатырылған балық – 2,1%), пластмассадан жасалған құбырлар басым – 1,8%.

Осы ретте, ЕАЭО елдерінен көбінесе машиналар, жабдық, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар (ЕАЭО елдерінен импорттың жалпы көлеміне 40%), химиялық өнеркәсіп өнімі (14,8%), бағалы емес металдар мен олардан жасалған бұйымдар (6,5%), жануарлардан және өсімдіктерден шыққан өнімдер, дайын азық-түлік тауарлары (14,1%), тастан, гипстен, цементтен жасалған бұйымдар, шыны және одан жасалған бұйымдар (11,5%), минералды өнімдер (1,3%), ағаш, ағаш материалдары және целлюлозды-қағаз бұйымдары әкелінеді (6,6%).




Яндекс.Метрика