Өңірлер

ОҚО-да өнеркәсіп өнімінің көлемі 643,1 млрд теңгені құрады

Оңтүстік Қазақстанда облыстың әлеуметтік – экономикалық дамуында оң серпін байқалуда, атап айтқанда, өнеркәсіп өнімінің көлемі 643,1 млрд теңгені құрады, деп хабарлады экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рахымберді Мулкеманов 2016 жылғы 10 ай қорытындылары бойынша жиын барысында.
Южно-Казахстанская область28 Қараша , 19:52

Кен өндіру өнеркәсібінде 191,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2015 жылдың сәйкес кезеңінен 4 % артты. Өңдеу өнеркәсібінде 396 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп (8,5% артты), индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жыл басынан 3,9 млрд. теңгеге 4 жоба іске асыру арқылы 159 жұмыс орны ашылған.

сонымен қатар, бірқатар аудандар мен қалаларда инвестицияларды тартудағы көрсеткіштер төмен болып қалуда. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексінің жылдық  жоспары 105% болса, 10 айда 101,2% құрап отыр.

Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестицияның нақты көлемінің индексі бойынша жылдық жоспар 100,2% болса, нақты 29,8% құрап отыр. Жұмыссыздық деңгейі бойынша жоспар - 5% болса, салалық басқарма жылдың қорытындысымен 5,3% болады деп болжануда.




Яндекс.Метрика