Парламент

ҚР АШМ Қазақстанның комбайн паркін 3 есе ұлғайтуды жоспарлап отыр

Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов ҚР Парламентінің Мәжілісінде өткен үкімет сағатында ауыл шаруашылығы техникасын ТМД елдерінен сатып алуды ұсынды, оның айтуы бойынша, бұл еліміздің комбайн паркін 3 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Астана қаласы28 Қараша , 17:34

«2015 жылы біз комбайндар сатып алуға 3,6 млрд теңге жұмсадық. Осы ретте, қаражаттың 70%-ын шетелдік техникаға жұмсадық. Енді, негізінен, ТМД: Ресей, Белоруссия өндірісінің техникасын сатып аламыз деп шештік. Осы ретте, олар өздерінің техникалық сипаттамалары жағынан шетелдік өнімнен ешбір кем емес, осындай шаралардың нәтижесінде комбайн паркін сол ақшаға үш есе арттыруға болады», - деп атап өтті ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов.

Екіншіден, ол атап өткендей, «ҚазАгрофинанс» желісі бойынша ауыл шаруашылығы техникасын лизингтік бағдарлама бойынша сатып алуға жұмсалатын ақшаны комбайндар мен ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын отандық зауыт ашумен байланыстыру қажет. 




Яндекс.Метрика