Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда балалар арасында сальмонеллезбен сырқаттанушылық деңгейі 7 еседен аса төмендеді

Қазақстанда 25 жыл ішінде балалар арасында сальмонеллезбен сырқаттанушылық деңгейі 7,5 есе төмендеді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Казахстан28 Қараша , 18:36

1991 жылы ересектер арасында 8827 жағдай, соның ішінде балалар арасында - 3668 жағдай, ал 2015 жылы 1361 жағдай (балалар арасында 488 жағдай) тіркелген.

Сальмонеллез – Salmonella бактериясымен шақырылатын, температураның көтерілуімен, іш бөлігіндегі қатты ауру сезімнің болуымен, құсумен және іш өтумен сипатталатын  жедел жұқпалы ауру. Алғашқы белгілері жұқтырғаннан кейін  6-72 сағаттан соң (әдетте 12-36 сағаттан кейін) пайда болады және сырқат 3-тен 8 тәулікке дейін созылады.

Көп жағдайда сальмонеллезбен сырқаттанушылық жеңіл түрде өтеді, пациенттер арнайы емсіз айығып кетеді. Алайда аурудың салдарынан болған сусыздану жас балалар мен қарттардың өміріне үлкен қауіп тудыруы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының берген бағасы бойынша, әлемде жыл сайын  адамдар арасында сырқаттанушылықтың 10 миллиондаған жағдайы тіркеледі, ал аурудың 100 мыңнан аса жағдайы өліммен аяқталады.

 




Яндекс.Метрика