Евразиялық одақ

Астана қаласының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 810,1 млн АҚШ долларын құрады

Алдын ала деректер бойынша, 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте Астана қаласының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара саудасы 810,1 млн. АҚШ долларын құрады, деп хабарлады қаланың статистика департаменті.
Нұр-Сұлтан28 Қараша , 19:34

"Экспорт - 54,3 млн АҚШ долларын, импорт - 755,7 млн АҚШ долларын құрады", - делінген хабарламада.

2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте Ресей Федерациясында экспорт - 47668,5 мың АҚШ долларын, импорт 721238,3 мың АҚШ долларын құрады.

Сондай-ақ, департаментте 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте Беларусь Республикасынан импорт - 32081,2 мың АҚШ долларын, экспорт 164,4 мың АҚШ долларын құрағанын атап өтті.




Яндекс.Метрика