Парламент

Ауыл шаруашылығы министрлігі желтоқсанда жер қатынастары туралы жаңа заң жобасын ұсынбақ

ҚР Үкіметі желтоқсанда жер қатынастары туралы жаңа заң жобасын енгізеді, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Мәжілісте өткен үкімет сағатында.
Нұр-Сұлтан28 Қараша , 16:27

«Келесі айда біз жер қатынастары саласындағы жаңа заң жобасын енгіземіз. Парламенттегі заң жобасы мораторий мерзімін ұзартуға ғана қатысты. Енді екінші заң жобасы ауыл шаруашылығы жерлерін жалдау институтын жетілдіреді», - деп ақпараттандырды Асқар Мырзахметов.

«Осы заң жобасы аясында бірқатар мәселелер қозғалған. Атап айтқанда, жаңа кадастрлық құнды анықтау үшін заңнамалық база құру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жерлері туралы іс жүзінде дерекқор болуы үшін қажетті геоботаникалық, топырақ зерттеулерін жүргізу», - деп түсіндірді министр.




Яндекс.Метрика