Қазақстанның Тәуелсіздігі

«Тәуелсіздікке 25 жыл» атты ақпараттық автокеруені Жамбыл облысының 10 ауданында болмақ

Тараздан Жамбыл облысының 10 ауданына «Тәуелсіздікке 25 жыл» атты ақпараттық автокеруені жолға шықты, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Жамбыл28 Қараша , 16:49

«Тәуелсіздікке 25 жыл!» атты ақпараттық автокеруеннің мақсаты – еліміздің және облыстың Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерін, әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өсіп өркендеу, атқарылып жатқан жұмыстарды шалғай елді мекен тұрғындарына жеткізу, тұрғындарды тегін медициналық тексеруден өткізіп, арзандатылған бағамен ауылшаруашылық тауарларын ұсыну, мерекелік концерттік бағдарламалар қойып, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлау болып табылады.
Ақпараттық автокеруеннің құрамында: облыс әкімдігі басқармаларының қызметкерлері, зиялы қауым, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ардагерлер, дәрігерлер мен мәдениет саласының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, барлығы 60 адам бар.
Тұрғындарға:   жалпы, 115 тонна азық-түлік тауарлары жеткізілетін болады. Оның ішінде, 30 тонна картоп, 20 тонна пияз, 20 тонна қант, 30 тонна ұн, 4 тонна қарақұмық,  6 тонна 5 литрлік және 1 литрлік өсімдік майлары бар.
Жәрмеңке барысында картоптың килограмы – 55 теңгеден, пияз – 25 теңге, сәбіз – 45 теңге, қант – 220 теңге, ұн – 85 теңге, қарақұмық – 270 теңге және өсімдік майының литрі - 350 теңгеден сатылатын болады.

 




Яндекс.Метрика