Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

«ҚазТрансОйл» АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 9 ай ішінде 11 %-ға артты

2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 43,02 млрд. теңгені құрады, бұл 2015 жылдың сәйкесінше уақытымен салыстырғанда 11 %-ға жоғары.
Нұр-Сұлтан28 Қараша , 20:23

Есепті уақыттағы шоғырландырылған түсім 154,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2015 жылдың 9 айының ұқсас көрсеткішінен 2 %-ға төмен, деп хабарлады ұлттық компания.

Анықтама: «ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы шамамен 5,4 мың км. мұнай құбырлары мен ұзындығы 2 мың км-ге жуық су ағызғылары желісін басқарады. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.




Яндекс.Метрика