Экология

Ақтөбе облысында атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының көлемі 8 %-ға қысқарған

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі экологиялық жағдай және қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеудің өзекті мәселелері бойынша жұмыс жиналысын өткізді.
Ақтөбе28 Қараша , 19:16

Өткен 3 жыл ішінде орындалған табиғатты қорғау іс-шаралары атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларын 14,5 мың тоннаға немесе 8%-ға азайтуға мүмкіндік берді. 2015 жылы шығарындылар көлемі 168,05 мың тоннаны құрады, деп хабарлады өңір әкімдігі.

Экологиялық жағдайдың жақсаруына кәдеге жаратылған ілеспе мұнай газы үлесінің ұлғаюы да әсер етеді. Ағымдағы жылғы 6 ай қорытындылары бойынша 3,2 млрд текше метр кәдеге жаратылған, бұл 2015 жылғы ұқсас кезең көрсеткішінен 20%-ға артық.

Су объектілерін қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Экология департаменті облыстың ірі елді мекендеріндегі тазарту құрылыстарының техникалық жай-күйін қарап тексереді, сондай-ақ кәріздік тазарту құрылыстарының жай-күйіне талдау жасайды. Талдау қорытындылары бойынша тазарту құрылыстарын салу және қайта құру бойынша ұсыныстар енгізіледі.

Жыл сайын облыс бойынша 350 мың тонна тұрмыстық қалдық пайда болады, олар қолданыстағы 9 полигонда орналастырылады. 




Яндекс.Метрика