Инвестициялар

Ирандық инвесторлар Жамбыл облысында полиэтилен құбырлар шығаруды қолға алмақ

Таразда өткен «Taraz Invest – Agro|Chemical Day 2016» форумына келген Ирандық инвесторлар полиэтилен құбырлар шығаруды қолға алмақ. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін арнайы келісім шарт жасалды.
Жамбыл 28 Қараша, 15:57

Ирандық инвесторлар Жамбыл облысының экономикалық мүмкіндіктерімен танысуға арнайы келді. Алдымен инвестиция салуға сұранып тұрған бірқатар жобалармен танысты. Соның ішінде диаметрі 3 см ден 3 метрге дейін жететін полиэтилен құбырларын шығаруға арналған кәсіпорын ашуға ниетті екендіктерін жеткізді.  Мұндағы басты ерекшелік -құбырлардың құрамына шыны араластырылады. Ол төзімділігімен ерекшеленеді. Кішкентай көлемді құбырлар жылыжайларда пайдаланылады.  Ал үлкендері құрылысқа қолайлы. Ирандықтарды әулиеатаның бұдан өзге де салалары қызықтыратынын жеткізді.
"Инвестиция салу үшін Жамбыл облысына делегациямызбен екінші рет келдік. Аймақтың мүмкіндіктері өте мол екен. Әсіресе ауылшаруашылығына қолайлы. Мәселен біз шығаруды көздеп отырған полиэтилен құбырлар тамшылатып суару технологиясы үшін тапсырмайды. Мал шаруашылығы, оның ішінде ет экспортын арттыруға көмектескіміз келеді. Біз Ираннан әкелетін аппарат етті вакумдауға арналған. Етті ваккумдау арқылы  оны 72 сағат ішінде әлемнің кез келген жеріне тасмалдуаға мүмкіндік туады", - деді  ирандық инвестор  Хоссейн Хасан Комали.
Облыс әкімімен кездескен инвесторлар тобы бұдан өзге балық шаруашылығын дамыту, көгілдір отыннан энергия  өндіру, өсімдіктерден дәрі шығаруға арналған жобалармен таныстырды.  Қос тарап бірқатар жобаларды бірлесе жүзеге асыруға уағыдаласты.

 





Яндекс.Метрика