Өңірлер

Алматыда ең ірі жылыжай кешені салынды

Алматыда Қазақстандағы ең ірі жылыжай кешені салынды, ол АӨК инвестициялық жобасы болып табылады, деп хабарлады «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ.
Алматы қаласы28 Қараша , 15:36

Жалпы құны 6,6 млрд теңгені құрайтын 12 га жылыжайды «ҚазАгроФинанс» АҚ қаржыландырған. Нысан оңтүстік астананың Алатау ауданында орналасқан және жылына 3 200 тонна қызанақ және 4 000 тонна қияр өндіруге арналған. Өндірісте Dalsem голландиялық компаниясының технологиясы пайдаланылады. Шамамен 150-ге жуық адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр.

Бүгінгі күні отандық фермерлерді қолдау және маусым аралық кезеңде көкөніс өнімімен қамтамасыз ету мақсатында, «ҚазАгро» ұлттық холдингі 147 га ауданда өнеркәсіптік үлгідегі жылыжай кешендерінің құрылысы бойынша 41 жобаны қаржыландыруды мақұлдаған. Олардың жиынтық құны - 46,5 млрд теңгені, ал өндірістік қуаттылығы жылына 63 мың тонна жеміс-көкөніс өнімін құрайды. Қазір бұрын мақұлданған жобалардың 33-і іске қосылған.

Бұдан бөлек, Ұлттық холдинг ақпараты бойынша, «ҚазАгро» компаниялар тобы жеміс-көкөніс өнімінің өндірісін қолдау аясында құны 19 млрд теңге және жиынтық қуаттылығы жылына 239 мың тонна болатын суару жүйелерін қолдана отырып өнім өндіру бойынша 66 жобаны мақұлдаған. Бүгінгі таңда 63 жоба пайдалануға енгізілген. 




Яндекс.Метрика