Халықаралық интеграция

ҚР Мемлекеттік хатшысы бірқатар шетелдік мемлекеттердің елшілерінен сенім грамоталарын қабыл алды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова тоғыз елдің елшісінен сенім грамоталарын қабыл алды.
Нұр-Сұлтан28 Қараша , 12:04

9 мемлекеттің Төтенше және Өкілетті Елшілері ҚР Мемлекеттік хатшысына сенім грамоталарын табыс етті. Олардың санына Буркино елшісі Фасо Антуан Сомда, Люксембург Ұлы Герцогтығының елшісі Жан-Клод Кнебелер, Жаңа Зеландияның елшісі Ян Хилл,  Черногория елшісі Игорь Йовович, Исландия Республикасының елшісі Сигридур Берглинд Асгейрсдоттир, Молдова Республикасының елшісі Думитру Брагиш, Парагвай Республикасының елшісі Рамон Антерозоиде Диас Перейра, Руанда Республикасының елшісі Уильямс Нкурунзиза және Судан Республикасының елшісі Надир Юсеф Аль-Тайеб кіреді.

Жаңа Зеландияның елшісі Ян Хилл экономикалық ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін айтты.

Шетелдік мемлекеттердің елшілері ауқымды мәселелер тобы бойынша қарым-қатынасты кеңейтуге мүдделі екенін білдірді.

Г. Әбдіқалықова іс-шараның Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанын атап өтті. Мемлекеттік хатшы елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының ресми басталуымен құттықтап, олардың қызметі елдер арасындағы ынтымақтастық әлеуетін өсіруге ықпал ететініне сенім білдірді. Ол шетелдік мемлекеттердің елшілерін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің жұмысына қатысуға шақырды.  




Яндекс.Метрика