Адами капитал

Мерзімді қызметтегі 2500 әскери қызметшілер әскери ант қабылдады (ФОТО)

2016 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсімі өтті.
Казахстан 28 Қараша, 20:41

Қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, Қазақстанның барлық әскери гарнизондарында 2016 жылдың күзінде шақырылған 2500-ден аса жас сарбаз туған-туысқандары, командирлері, Ұлы Отан соғысы, локальді шиеленіс және ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері алдында Отанға адал болуға ант берді. Салтанатты шараға 5000-нан аса адам қатысты.

Қонақтардың назарына қоян-қолтық ұрыс бойынша әскери қызметшілердің көрсетпелі көрсетілімдері, қарумен және қарусыз саптық айла-тәсілдердің элементтері ұсынылды.  Жас сарбаздардың туысқандары мен меймандар олардың қызмет өткеру жағдайы және тұрмыстарымен танысып, сонымен қатар, бөлім командирлерімен кездесулер ұйымдастырылды.

Әскери ант – бұл нағыз әскери қызмет пен Отанға адал қызмет етуден басталатын ерекше әскери жөн-жоралғы және шақырылушы үшін маңызды әрі жауапты сәт екенін айта кетейік. Әскери ант әскери қызметшілерден әскери қызмет міндеттерін мінсіз орындауды, оған сеніп тапсырылған қару мен жауынгерлік техниканы шебер қолдануды талап етеді.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың 5 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жаңа оқу жылы басталады. 





Яндекс.Метрика