Қазақстанның Тәуелсіздігі

Е.Ыдырысов: Қазақстанның сыртқы саясаты ұлттың үздік дамуын қамтамасыз етуге бағытталған

90-шы жылдардың басында орын алған үлкен проблемаларға қарамастан, Қазақстан ішкі істермен тоқталып қоймады. Қазақстан мақсаты ел мен ұлттың дамуы үшін ең жақсы климатты қамтамасыз ету болып табылатын сыртқы саясатпен де айналысып келеді, деді ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған халықаралық конференция барысында.
Астана қаласы 28 Қараша, 11:42

«Біздің елімізге 1991 жылы сыртқы саясатты басынан бастап әзірлеу міндеті қойылды. Біздің ауқымды аумағымызға қарамастан, картадан біздің елімізді көрсете алмағандар көп болды. Ал біздің елімізді білгендердің өзі шалғайдағы, теңізге шығар жолы жоқ, көпұлтты, экологиялық проблемалары бар ел деп санады. Дегенмен, біз кең ауқымды, нарықтық, экономикалық, саяси реформаларды іске асыра отырып, табиғи ресурстардың тиісінше пайдаланылуын қамтамасыз еттік», - деді сыртқы саяси ведомство министрі.

Е.Ыдырысов атап өткендей, 90-шы жылдардың басында орын алған үлкен проблемаларға қарамастан, Қазақстан ішкі істермен ғана шектеліп қоймады.

«Қазақстан мақсаты ел мен ұлттың дамуы үшін ең жақсы климатты қамтамасыз ету болып табылатын сыртқы саясатпен де айналысып келеді. ҚР Президентінің елімізді экономикалық тұрғыда бәсекеге қабілетті және демократиялық-жетілген мемлекет ретінде көруі сыртқы саясатты екі бағыт бойынша дамытуға әкелді: біріншіден, сыртқы әлемге ашық болуға негізделген сыртқы саясаттың үйлестірілген моделін қабылдау және біздің жақын және алыс шет елдердегі барлық әріптестерімізбен тең әрі өзара тиімді қарым-қатынастарды қамтамасыз ету. Екіншіден, жаһандық қауіпсіздікке жәрдемдесуге жауапты болу рөлін өзіне алу», - деп қосты Е. Ыдырысов.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика