ҚР Тұңғыш Президентінің Күні

СҚО-да ҚР Тұңғыш Президент күніне орай 22 әлеуметтік нысан ашылмақ

Солтүстік Қазақстанда ҚР Тұңғыш Президент күніне орай 22 жаңа әлеуметтік маңызды нысанның ашылуы жоспарланып отыр, деп хабарлады ішкі саясат басқармасының басшысы Әсем Рахметова облыс әкімі Ерік Сұлтановтың төрағалығымен өткен аппараттық жиналыс барысында.
Солтүстік Қазақстан28 Қараша , 12:26

Тұңғыш Президент күнiн мерекелеу жоспары мәдениет, бiлiм беру, спорт салаларын қамтитын қоғамдық маңызы бар 280-нен астам iс-шараны өткiзудi қамтиды.

«Мереке аясында тұрғын үй мен жатақханалар, жабық хоккей корты, жаттығу залы, сауда ойын-сауық орталығы, мал шаруашылығы фермасы, сүт өңдеу цехi, макарон және шұжық өнiмдерiн өндiру цехi, шағын наубайхана, дәмхана және дүкен сияқты 22 әлеуметтiк маңызы бар нысанды ашу жоспарланған», — дедi Әсем Рахметова.

Мұнымен қоса, өңiрде Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығын мерекелеу бойынша ауқымды ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылуда. Бiрiншi кезекте, жоспарына 350 мыңнан астам адамды қамтуды көздеп отырған 5 700 iс-шарадан тұратын «Ұлы дала елi — Тәуелсiздiктiң 25 негiзi» 25 жұлдызды күн распубликалық акциясы өткiзiлiп жатыр.




Яндекс.Метрика