Өңірлер

60 қызылордалық отбасы қоныс тойын тойламақ

Қызылордада апаттық жағдайдағы үйлердің орнына салынған 60 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді.
Қызылорда28 Қараша , 14:32

Әкімдікте хабарлағандай, соңғы 3 жылда 7 мыңға жуық отбасы, яғни 30 мыңнан аса тұрғын қоныс тойын тойлады. Соңғы екі жыл ішінде пәтер кезегінде тұрғандардың 28 пайызы баспаналы болды.

Биыл бір мезетте 80 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. 2013-2016 жылдар аралығында Қызылордада 11 шағын аудан бой көтерді. Соңғы үш жылда апаттық жағдайдағы үйлердің тұрғындары  144 жаңа пәтерге қол жеткізді.

60 пәтерлі бұл үйдің құрылысы ағымдағы жылдың шілде айында басталып, қараша айында аяқталған.




Яндекс.Метрика