Қазақстанның Тәуелсіздігі

Астанада Тәуелсіздік құрдастары құттықталды

Астанада «Ұлы Дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 негiзi» 25 жұлдызды күн жобасы аясында Тәуелсіздік құрдастарын салтанатты қабылдау шарасы өтті. Талқылаудың негізгі тақырыбы Қазақстан жетістіктерінің бірі – азаматтық қоғам болды.
Астана қаласы 26 Қараша, 15:04

«Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Шахмардан Байманов атап өткендей, Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында еліміздің экономика саласындағы, әлеуметтік және қоғамдық-саяси өміріндегі ауқымды өзгерістерді жүзеге асыруда едәуір жетістіктерге қол жеткізді.

Сонымен қатар, іс-шараға «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма бастығының орынбасары, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, Астананың Жастар саясаты басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ербол Рыспаев қатысты.

Жастармен сұхбат барысында Мұрат Әбенов жастарды ерте жастан бастап өзін-өзі жетілдіруге шақырды. Оның айтуы бойынша, өзін-өзі белсенді дамытудың оңтайлы жасы 17-21 аралығындағы жас болып табылады. Сарапшының айтуы бойынша, осы кезеңде қоғамдық қызметпен айналысу, қызмет көрсету саласында жұмыс істеу, КТК қатысу қажет, мұндай тәжірибе қоғамда әлеуметтенуге және жас ұрпаққа қандай мақсаттарға қол жеткізу керектігін түсінуге мүмкіндік береді.

Ашық сұхбат қорытындылары бойынша қызметтің әр түрлі салаларында жетістіктерге қол жеткізген Тәуелсіздіктің 25 құрдасы бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика