Халықаралық интеграция

Қазақстанның Қытаймен сауда және инвестициялар саласындағы ынтымақтастығы ОА елдері үшін үлгі болып табылады – ҚР СІМ

Қазақстанның Қытаймен сауда және инвестициялар саласындағы ынтымақтастығы көрсетуге тұрарлық үлгі болып табылады, деді Хайнань қытай провинциясының губернаторы Лю Цыгуй «Жібек жолы рухын дамыту және өзара тиімді ынтымақтастыққа жәрдемдесу» тақырыбына өткен Қытай мен Орталық Азия ынтымақтастығының 2-ші форумы барысында.
Әлемде26 Қараша , 14:36

ҚР СІМ хабарлағандай, Ш. Нұрышев өз сөзінде Қазақстанның Қытаймен ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы туралы айтып берді. Елші қатысып отырғандардың барлығын Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығымен құттықтап, Қазақстан Президентінің өңірде Біріккен Еуразиялық экономикалық кеңістік құруға бағытталған бастамаларына баса назар аударды.

«Ляньюньган портында қазақстан-қытай терминалы мүмкіндіктерін пайдалану ОА барлық елдерінің транзиттік-көлік әлеуетін дамытуға және Азия-Тынық мұхиты өңіріне экспорт бағдарларын әртараптандыруға ықпал етеді», - деп атап өтті ол.

Қазақстанда 28-ші қысқы Универсиаданың, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің және Қазақстанда Қытай туризмі жылының өтуіне орай, елші форум қатысушыларын Қазақстанға шақырды.

Хайнань провинциясының губернаторы Лю Цыгуй Қазақстан мен өңір арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.

«Қазіргі уақытта Алматы және Санья қалаларының арасында тұрақты әуе рейсі жұмыс істейді. Бұл Орталық Азия елдерімен транзитті және жолаушылар ағымын одан әрі кеңейту үшін негіз болуы мүмкін. Біздің Қазақстанмен және Өзбекстанмен сауда және инвестициялар саласындағы ынтымақтастығымыз көрсетуге тұрарлық үлгі болып табылады» – деп атап өтті губернатор. 

Форум аясында сондай-ақ ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы ынтымақтастық бойынша «кіші форумдар» да өтті. 




Яндекс.Метрика