Қазақстан және БҰҮ

Е.Ыдырысов Қазақстанның БҰҰ ҚК мүшелік етуіне дайындық аясында ОА елдерінің басшыларымен келіссөздер жүргізуде

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелік етуіне дайындық аясында Ауғанстан мен Тәжікстанда болды, деп хабарлады ведомствода.
Астана қаласы26 Қараша , 12:04

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов жыл соңына дейін Орталық Азия мемлекеттері мен Ауғанстанның астаналарында болып, өңірлік тақырыпты келісілген ілгерілету бойынша келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр.

2016 жылғы 24-25 қарашада министр Кабул мен Душанбеде болды. Екі астанада да Е Ыдырысовты мемлекеттер басшылары – Ауғанстанның Президенті Мохаммад Ашраф Гани және Тәжікстанның Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды.

М.А. Ганимен кездесуде қазақстандық министр Астанада Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздік мәселелерін, атап айтқанда Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру перспективаларымен байланысты мәселелерді шешу жұмысына көп көңіл бөлінетінін атап өтті.  

25 қарашада Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Душанбеде Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен кездесуде Е. Ыдырысов қазақстандық көшбасшының 2015 жылғы қыркүйекте Душанбеге ресми сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген келісулерді іске асыру бойынша екі елдің мемлекеттік органдарының жұмысы туралы ақпарат берді.

Э. Рахмон Душанбенің Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін және өзара пікір және ақпарат алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Екі сапар да ашық әрі достық сұхбат аясында өтіп, Астананың өңірлік әріптестермен ынтымақтастығының құрылымдық дамуын дәлелдеді. 




Яндекс.Метрика