Халықаралық интеграция

Қазақстан және Доминикан Республикасы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын

Қазақстан Республикасының Канададағы елшісі және Доминикан Республикасында елші қызметін қоса атқарушы Константин Жигалов Доминикан астанасы Санто-Домингода болып, сыртқы істер министрі Мигель Варгаспен және энергетика және минералды ресурстар министрі Антонио Иса Кондемен кездесті.
Әлемде26 Қараша , 11:32

ҚР СІМ хабарлағандай, М. Варгаспен келіссөз аясында тараптар екіжақты ынтымақтастық және халықаралық күн тәртібі мәселелері бойынша пікір алмасты. Олар сауда-инвестициялық қарым-қатынастардың ағымдағы деңгейі екі елдің әлеуетті мүмкіндіктеріне жауап бермейді, туризм, энергетика, тау-кен саласында өзара тиімді қарым-қатынасты дамытудың жақсы перспективалары бар деген ортақ пікірге келді. 

Министр Доминикан Республикасының Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатынын растады және ағымдағы жылдың соңына дейін қатысудың техникалық шартына қол қоюға дайын екенін айтты.  

Сондай-ақ тараптар Еуразиялық экономикалық одақ пен Орталық-американдық интеграция жүйесі арасындағы өзара тиімді байланыстарды реттеу мүмкіндігі туралы пікір алмасты. 




Яндекс.Метрика