Басқару

М.Құл-Мұхаммед Мемлекет басшысына «Нұр Отан» партиясының жұмысы туралы баяндады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы25 Қараша , 17:56

Кездесу барысында Елбасы мемлекет құрудың бастапқы кезеңінен бергі даму жолында «Нұр Отан» партиясының атқарған рөлі мен еңбегіне тоқталды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне партияның белсене атсалысып келе жатқанын, оның халық алдындағы беделінің және этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесінің зор екенін атап өтті.

М.Құл-Мұхаммед Нұрсұлтан Назарбаевқа партияның мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын бақылау жөніндегі жұмысы туралы да баяндады.

Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.




Яндекс.Метрика