Қазақстанның Тәуелсіздігі

Ақмола облысының үздік ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне автомобильдер сыйға тартылды (ФОТО)

Көкшетауда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау аясында Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин мен өңірдің 600-ден астам шаруа қызметкерлерінің қатысуымен Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған облыстық салтанатты жиын өтті.
Ақмола 26 Қараша, 11:04

Іс-шара өңір жетістіктері көрмесінен басталды, онда облыстың тәуелсіздік жылдарындағы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және әлеуметтік саладағы дамуы көрсетілді, деп хабарлады өңір әкімдігі.

Салтанатты жиында өңір басшысы ауыл шаруашылығы саласының барлық қызметкерлерін құттықтап, үздік қызметкерлерге құрмет грамоталарын, алғыс хаттар, сондай-ақ алты жаңа автомобильдің кілттерін табыстады.

Ол биылғы жылы Ақмола облысы бойынша 5,7 млн тонна астық жиналғанын атап өтті. 





Яндекс.Метрика