Инвестициялар

Жамбыл облысында қант шығару зауыты салынбақ (ФОТО)

Жамбыл облысында «Taraz Invest – Agro|Chemical Day 2016» халықаралық инвестициялық форумы барысында 120 млрд теңгеге 12 меморандумға қол қойылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Жамбыл 26 Қараша, 10:36

Форумның  басты мақсаты – шағын және орта бизнес субъектілері мен бизнесмендер үшін аймақтың инвестициялық тартымдылығын көрсету. Сондай-ақ Жамбыл облысының агрохимиялық саласын дамыту үшін «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Арнайы экономикалық аймақта жұмыс істейтін кәсіпорындар үшін жеңілдетілген салықтық режим көрсетіледі.
Форум бағдарламасында инновациялық ғылыми химиялық жобалар таныстырылымынан бөлек «Агроөнеркәсіптік комплекс саласындағы халықаралық ынтымақтастық», «Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық» тақырыбында кеңейтілген талқылау өткен панелдік сессиялар ұйымдастырылды. 
Форумның соңында құны -120 млрд болатын 12 меморандумға қол қойылды.

«Жыл сайын Жамбыл облысы индустриялық әлеуетін арттырып келеді, жергілікті өндірісті дамытуда инвестицияны тарту үшін қолайлы климат құрылады. «Taraz Invest – Agro|Chemical Day 2016» халықаралық инвестициялық форумын өткізу өнеркәсіптік және химиялық-технологиялық өндіріс саласындағы әріптестік қатынасты нығайтуға тағы бір қадам болуы мүмкін»,- деді облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев.

«Taraz Invest – Agro|Chemical Day 2016» аясында қатысушылар «БХК» ЖШС, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, экспорт және инвестиция бойынша «KAZNEX INVEST» ұлттық агенттігі, технологиялық даму бойынша ұлттық агенттігі, Қазақстандық мемлекеттік жеке меншік серіктестік орталығы және жергілікті мағынадағы NADLoC дамыту бойынша Ұлттық агенттік өкілдерінен мәлімет алған кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысы құрылған.
«Taraz Invest – Agro|Chemical Day 2016» Жамбыл облысы мен «Тараз химиялық паркі» АЭА аясында агрохимиялық саланы дамытуға арналған «БХК» ЖШС-ның бірінші аймақтық шарасы болды.

 





Яндекс.Метрика