Адами капитал

2016 жылы ҮЕҰ жобаларын қаржыландыру көлемі 23%-ға ұлғайды

2016 жылы үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын қаржыландыру көлемі 23%-ға өсіп, 9 280,4 млн теңгені құрады. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов Астанада VII Қазақстанның Азаматтық форумы барысында хабарлады.
Астана қаласы25 Қараша , 16:34

«ҚР Қаржы министрлігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы деректері бойынша, 2016 жылы үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын қаржыландыру көлемі 23%-ға өсіп, 9 280,4 млн теңгені құраған (2015 жылы – 7 143,9 млн теңге). Соның ішінде республикалық деңгейде – 534,8 млн теңге (2015  жылы – 914,8 млн теңге), өңірлік деңгейде – 8 745,6 млн теңге (2015 жылы – 6 229,1 млн теңге)» деді ол.

И. Тасмағамбетов мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – бұл «мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылының тиімді тетіктеріні бірі» екенін атап өтті.

Қазақстанда 18 мыңнан аса қоғамдық ұйымдар тіркелген, оның ішінде 8 мың үкіметтік емес ұйым белсенді жұмыс жасайды. Азаматтық секторда 30 мың адам жұмыспен қамтылған. Негізінен бұл жастар саясаты мен балалар бастамасы, халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобын қолдау, білім және ғылым, спорт және дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын насихаттау, азаматтардың өмірі мен құқықтарын қорғау саласындағы қызметтер.

Форум барысында үкіметтік емес ұйымдары жетістіктерін көрсететін көрме өтті. Онда Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуы мен нығаюындағы қоғамдық бірлестіктердің қосқан үлесі таныстырылып, форум делегаттары министрліктер мен ведомстволардың басшыларымен кездесті.

Сонымен қатар, «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына ҮЕҰ-нан 25 бастама» Республикалық акциясы өтті. Яғни, әрбір өңірлік форум барысында ҮЕҰ өкілдері бірігіп аймақтың нақты бір проблемасын шешуге бағытталған жобаны жүзеге асыру бастамасын көтерді. Өңірлік 16 бастамамен қатар, 9 республикалық қоғамдық бірлестік әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған 9 бастама көтерді. Осылайша, «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына ҮЕҰ-нан 25 бастама» Республикалық акциясы салтанатты түрде бастау алды.




Яндекс.Метрика