Басқару

Н.Назарбаев: Азаматтық қоғам рөлін арттыру Ұлт жоспары мақсаттарының бірі

Азаматтық қоғам рөлін арттыру «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мақсаттарының бірі делінген ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова оқып берген Мемлекет басшысының Қазақстанның VII азаматтық форумына қатысушыларына жолдаған құттықтау хатында.
Астана қаласы 25 Қараша, 16:18

«Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі белесінде біз бүкіл ел болып Қазақстан жолының қорытындыларын шығарудамыз. Оның орасан мол табысының елеулі бөлігі азаматтық секторға тиесілі. Азаматтық қоғам рөлін арттыру «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мақсаттарының бірі. Сіздердің белсенді және жасампаз еңбектеріңіз әрдайым қоғамымыздың әл-ауқатын арттыруға және Тәуелсіздігіміздің нығаюы жолына жұмсалсын!», – делінген Президенттің құттықтау хатында.

Қазақстанның VII азаматтық форумы азаматтық сектор алдына қойылған мәселелерді шешу жолдарын анықтап, соған сәйкес тиісті ұсынымдар әзірлеп, өңірлік делегаттарды сайлаған үкіметтік емес ұйымдар өткізген өңірлік форумдардың логикалық тұрғыдағы қорытындысы болып саналады.

Форумға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өкілдері, дипломатиялық миссия басшылары, өңірлік форумдардың делегаттары – өңірлік және республикалық үкіметтік емес, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, сараптамалық қоғамдастық пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 





Яндекс.Метрика