Инновациялар

А.Браун: Қазақстан бәсекеге қабілетті болу үшін «жасыл» экономиканы дамытуы қажет

Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Ато Браун қазақстандықтарға еңбексүйгіштік тән екенін айтты.
Астана қаласы25 Қараша , 15:34

«Сіздің географияңызды ескеретін болсақ, еңбексүйгіштік сіздердің қандарыңызда бар және біз бұл туралы көп айтқан болатынбыз», - деді Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Ато Браун Астанадағы Халықаралық инновациялық конгресте сөз сөйлеу кезінде.

Ол Дүниежүзілік банктің Қазақстанға көрсетіп отырған қолдауы одан әрі жалғасатынын айтты.

«Біз технологияларды коммерцияландыру бойынша жоба жұмысын бастадық. Егер ол ауқымды болмаса, елдің гүлденуіне соншалықты әсер етпейді. Қазақстан бәсекеге қабілетті болу үшін «жасыл» экономиканы дамытуы қажет. Біз қолдау көрсетуді одан әрі жалғастырамыз», - деп атап өтті Ато Браун.

Еске сала кетейік, астаналық Бейбітшілік және келісім сарайында XI Инновациялық конгресс өтіп жатыр, онда Қазақстан үшін 4 маңызды бағытқа баса назар аударылды, олар: энергетика, жаңа материалдар, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, агроөнеркәсіп кешеніндегі терең өңдеу. Конгреске халықаралық және қазақстандық сарапшылар қатысуда. 




Яндекс.Метрика