Ұлттың денсаулығы

Қарағандының қалалық ауруханасында 260 млн теңгеге медициналық жабдық орнатылады

Қарағандының №1 қалалық ауруханасында 270 млн теңгеге компьютерлік томограф орнатылды, деп хабарлады Қарағанды облысының әкімдігі.
Қарағанды25 Қараша , 17:34

Заманауи аппарат МЖӘ аясында 270 млн.теңгеге сатып алынған. Aquilion CX томографы Октябрь ауданының 70 мың тұрғынына қызмет көрсететін емхана ғимаратына орнатылған. Жаңа жабдықта тексеруден өту тегін медициналық көмек аясында және ақылы негізде жүргізіледі.
«Бір айналымда ренгендік трубка арқылы 128 түсірілім жасауға мүмкіндік беретін бұл заманауи аппарат қарағандылық дәрігерлердің қолындағы жабдықтардың ішіндегі ең жаңасы болып табылады. Ол жүрек-қан тамырлары ауруын тексеруде өзінің тиімділігін көрсетуге қауқарлы», - деп атап өтті әкімдікте.
Бұдан бөлек, ультрадыбысты диагностика бөлмесінде  Affiniti -50 ультрадыбыстық жүйенің заманауи аппараты орнатылған. Айта кету керек, Қарағанды облысы медициналық техника паркын жаңарту бойынша басқа облыстардан көш ілгері тұр. УЗИ жүйенің аталмыш молделі жаппай сатылымға алты ай бұрын ғана түскен болатын. 
Тек осы жылдың өзінде №1 қалалық аурухана жаңа жабдықтар жеткізу бойынша 260 млн. теңгенің келісім-шартына отырған. Әкімдіктің қолдау беруінің арқасында қазіргі таңда бұл бағдаралама облысықа енгізілген. Мекеме үшін 11 дана меджабдық сатып алынды – бұлар жансақтау бөліміне, эндоскопиялық, урологиялық оталар жасауға, ренген-апараттар және т.б.
№1 қалалық аурухана Қарағанды медициналық университетінің терапия кафедрасы мен хирургиялық аурулар кафедрасының клиникалық базасы болып табылады.




Яндекс.Метрика