Басқару

Астанада ҚР-ның тәуелсіздік жылдары ішіндегі жетістіктері туралы 300-ден астам бірегей құжат ұсынылды (ФОТО)

ҚР Сыртқы істер министрлігінде тарихи-деректі көрменің ашылуы өтті.
Астана қаласы 25 Қараша, 14:57

ҚР Президентінің мұрағатымен бірлесіп ұйымдастырылған көрмеде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдары ішіндегі жетістіктерін көрсететін 326 бірегей экспонат ұсынылды, олар бес бөлімге бөлінген – «Егеменділік. Алғашқы қадамдар», «Мемлекетаралық қатынастардың құқықтық негізі», «Қазақстан және БҰҰ», «Сыртқы саяси ынтымақтастық» және «Сыртқы экономикалық дипломатия», деп хабарлады ведомство.

Іс-шараға сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Қазақстан Республикасының Президенті Мұрағатының директоры Борис Джапаров, Парламент Мәжілісінің депутаты Мұхтар Ерман, дипломаттар, сарапшылар қатысты.

Бұл көрме Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау жылында ҚР СІМ және Президент Мұрағаты ұйымдастырған үш көрменің қорытынды көрмесі болып табылады. Биылғы жылдың наурызында – Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығының 24 жылдығына арналған, тамызда Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 25 жылдығына арналған мұрағат материалдары ұсынылған. 





Яндекс.Метрика