Инновациялар

Қазақстанның өңдеуші секторы үлкен тұрақтылық пен өсуді көрсетеді – Қасымбек

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Халықаралық инновациялық конгресс барысында Қазақстанның өңдеуші секторындағы үлкен тұрақтылық пен өсуді атап өтті.
Астана қаласы25 Қараша , 14:39

«Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезеңі ішінде өңдеу саласының іс жүзіндегі өсімі 29,4% құрап, өсу қарқыны бойынша тау-кен саласын озып, алға шықты. Металлургия, тамақ өнеркәсібі сияқты дәстүрлі салаларға қосымша өңдеу өнеркәсібінің жаңа секторлары пайда болуда. Индустрияландырудың 6 жылы ішінде 4 трлн теңге сомасына 900-ден астам жаңа жоба енгізілді. Осы жобалар арқылы 7 трлн теңгеден астам сомаға өнім өндірілді», - деп хабарлады Жеңіс Қасымбек.

Ол бүгін дағдарыс кезеңінде өңдеуші сектор үлкен тұрақтылық пен өсуді көрсетіп отырғанын атап өтті.

«Бұл шағын болса да өсу. Алайда, бізге өзіміздің бәсекеге қабілеттілігімізді арттыру үшін осы жұмысты әлі де күшейту қажет», - деп түсіндірді инвестициялар және даму министрі.

Ж. Қасымбек бүгінгі таңда министрліктің алдын тұрған міндеттерді атап өтті, ол: еңбек өнімділігін, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жаңа өндірістер ашу. 




Яндекс.Метрика