Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

«Азаматтық бақылау» жобасы мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының тиімді тетігіне айналды – Шпекбаев

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев VII Қазақстанның Азаматтық форумы аясында елде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатпен таныстырып, оны іске асыру үшін қандай тетіктердің қолданылатынын айтып берді.
Астана қаласы25 Қараша , 13:06

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – қоғам қабылдауы тиіс құндылықтар жиынтығы. Еліміздің барлық өңірлерінде үш ай бұрын бастау алған «Азаматтық бақылау» жобасы осы жолдағы бірінші қадамға айналды. Ол өңірлердегі қоғам өмірінің белсенді қатысушыларын жинады», - деп хабарлады А. Шпекбаев.

«Азаматтық бақылау» жобасы мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара іс-қимылының тиімді тетігіне айналғанын атап өту қажет. Көрсетілген кезең ішінде ғана 720-дан астам өтініш түсті. Жоба аясында еліміздің барлық өңірлерінде 22 мыңнан астам қазақстандықты біріктірген 63 «дөңгелек үстел», 32 конференция, 38 форум және 33 сұхбат алаңы өтті.

Агенттік бүгінгі таңда еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысының қатарын белсенді түрде толтырудың маңызды екенін атап өтті. Осы орайда «Ашық келісім» жобасы бастау алды.

Бүгінгі таңда «Ашық келісімге» 2 600-ден астам ұйым, 54 мыңнан астам жеке тұлға қосылды. 500-ден астам сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-шара өткізілді. 




Яндекс.Метрика