Инновациялар

Д.Абаев: «Сандық Қазақстан» бағдарламасы ел азаматтарының өмір сүру сапасын арттырады

Қалалар мен ауылдар арасындағы сандық теңсіздікті жою «Сандық Қазақстан» жаңа мемлекеттік бағдарламасы мақсаттарының бірі болып табылады. Бұл жөнінде ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Астанада өткен XI халықаралық инновациялық конгресс барысында айтты.
Астана қаласы 25 Қараша, 12:43

«Бүгінгі күні біздің министрлік ел экономикасын инновациялық рельстерге сапалы көшіруді көздейтін «Сандық Қазақстан» жаңа мемлекеттік бағдарламасын әзірлеп жатыр. Оның іске асырылуы қосымша өсімді қамтамасыз етуі тиіс», - деп хабарлады министр.

Бағдарламаның екінші маңызды мақсаты – өңірлер, қалалар және ауылдар арасындағы сандық теңсіздікті жою.

Үшінші мақсат – экономиканың ғылымды қажет ететін салаларында халықты жұмыспен қамтуды арттыру. Сондай-ақ өнеркәсіп секторындағы озық технологияларды да белсенді қолдану жоспарланып отыр.

«Жетекші сарапшылардың бағалауы бойынша, автоматтандыру еңбек өнімділігін өндірістік кәсіпорындарда – 5%, ал сервистік компанияларда 10% арттыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік бағдарлама аясында бірқатар жаңа мемлекеттік жобалар іске асырылады. «Сандық Қазақстан» азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, сандық экожүйені нығайтуға және ел экономикасында инновациялық серпінді жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді ақпарат және коммуникациялар министрі.

Сурет Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика