Басқару

Қазақстан өңірлері ҮЕҰ қызметін дамыту бойынша 25 бастама жасады

Астанада коммерциялық емес сектор мен мемлекеттік органдар өкілдерінің ашық сұхбатына және күш шоғырландыруға бағытталған Қазақстанның VII Азаматтық форумы өтуде.
Нұр-Сұлтан 25 Қараша, 12:36

VII Қазақстанның Азаматтық форумына республикалық және өңірлік ҮЕҰ өкілдері, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар және БАҚ өкілдері қатысуда.

Форум қарсаңында Астана, Алматы қалаларында және облыс орталықтарында үкіметтік емес ұйымдардың өңірлік форумдары өтті. Оның барысында аймақтар алдында тұрған мәселелерді шешу жолдары талқыланып, ұсынымдар әзірленді және республикалық форумға қатысатын делегаттар сайланды.

Сонымен қатар, маңызды шара аясында «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына ҮЕҰ-нан 25 бастама» Республикалық акциясы өтті. Яғни, әрбір өңірлік форум барысында ҮЕҰ өкілдері бірігіп аймақтың нақты бір проблемасын шешуге бағытталған жобаны жүзеге асыру бастамасын көтерді. Өңірлік 16 бастамамен қатар, 9 республикалық қоғамдық бірлестік әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған 9 бастама көтерді. Осылайша, «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына ҮЕҰ-нан 25 бастама» Республикалық акциясы салтанатты түрде бастау алды.





Яндекс.Метрика