Инвестициялар

ҚР кәсіпорындарының инвестицияларынан түсетін әрбір бесінші ақша «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға тиесілі – Досаев

Қазақстанның инвестициялық мақсаттарын қаржыландыруға бағытталған әрбір бесінші теңге холдинг қаражаты болып табылады, деді «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаев Астанада өткен XI халықаралық инновациялық конгресс барысында.
Нұр-Сұлтан25 Қараша , 12:14

«Еліміздің кәсіпорындарының инвестициялық мақсаттарын қаржыландыруға бағытталған әрбір бесінші теңге холдинг қаражаты болып табылады. Еңбек өнімділігін арттыру және жаңа технологиялар трансферті бойынша маңызды рөл Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттікке (ТДҰА) беріледі. Агенттіктің алдына бүгінгі таңда технологиялық кәсіпкерлікті дамыту бойынша маңызды міндеттер қойылған», - деп мәлімдеді Е. Досаев.

Алайда, оның айтуы бойынша, күтілетін нәтиже бермеген жобалар да бар.

«Бұл инновациялық процестің өзінің болмай қалмайтын шығындары және біз холдинг ішінде өз тұжырымдамалық тәсілдерімізді өзгертіп жатырмыз», - деді холдинг басшысы.

Сондай-ақ ол идея бастамашылары, технологияларды иеленушілер және инвестор компаниялар атынан тұтынушылар арасындағы байланыстырушы топтарды белсенді ықпалдастыру қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты, агенттік технологиялық брокер болмақ.

«2020 жылға дейін ТДҰА бірінші кезекте «100 нақты қадам» ұлт жоспарын және жаңадан қабылданған «Ғылымды коммерцияландыру туралы» ҚР Заңын орындау аясында технологиялар трансфертіне көңіл бөлмек. Биылғы жылдың екінші жартысында белсенді жұмыс жүргізу басталды, нәтижесін келесі жылы көруге болады», - деп қорытты Е. Досаев.




Яндекс.Метрика