Инновациялар

Инновациялар саласындағы халықаралық тәжірибе Қазақстанда технологияларды дамыту үшін маңызды – Сағадиев

Инновациялар саласындағы халықаралық тәжірибе технологиялық кәсіпкерлік саласындағы жаңа шешімдер мен мүмкіндіктерді іздеуде Қазақстан үшін аса маңызды, деді білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Астанада өткен XI халықаралық инновациялық конгресс барысында.
Астана қаласы 25 Қараша, 11:48

Конгреске халықаралық және қазақстандық сарапшылар жиналды. Биылғы жылы конгресс Қазақстан Республикасы үшін маңызды төрт бағытқа ерекше назар аударуда, олар: энергетика, жаңа материалдар, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (автоматтандыру, роботтандыру, цифрлендіру), агроөнеркәсіп кешеніндегі терең өңдеу. Конгресті Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ (ТДҰА) ұйымдастырды.

Халықаралық кездесуді білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев аша отырып, инновациялар саласындағы халықаралық тәжірибенің технологиялық кәсіпкерлік саласындағы жаңа шешімдер мен мүмкіндіктерді іздеуде Қазақстан үшін аса маңызды екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астана және Алматы қалаларындағы екі стратегиялық инновациялық кластер инновациялық кәсіпкерлік үшін қажетті экожүйені қалыптастыру бойынша жұмыс істеп жатыр. Алдағы ЭКСПО-2017 көрмесі инновациялық даму тұрғысында едәуір нәтиже беретініне сенеміз. Халықаралық ынтымақтастық және технологиялар мен инновациялар саласындағы сарапшылармен консультация өсу үшін жаңа шешімдер мен мүмкіндіктерді іздеуде Қазақстан үшін өте маңызды», - деп атап өтті министр.

Конгрес спикерлерінің арасында Нобель сыйлығының лауреаты (2007 жыл), Рае Квон Чунг, Клара Орен, Израильдің жетекші бизнес инкубаторын құрушы «L.N. Innovative Technologies», Japan Technology Group басшысы Митсу Ямомото бар.





Яндекс.Метрика