Ұлттың денсаулығы

ШҚО-да медициналық мекемелерді жаңа жабдықпен жарақтандыруға 1,5 млрд теңге бөлінді

Шығыс Қазақстанда отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар заманауи медициналық жабдықпен жарақтандырылуда, деп хабарлады ШҚО Ақпарат орталығы.
Шығыс Қазақстан25 Қараша , 20:41

«ШҚО-да 2017 жылы 170-тен астам фельдшерлік-акушериялық пункт пен отбасылық-дәрігерлік амбулаторияны 1,5 млрд теңгеге жуық сомаға медициналық жабдықпен жиынтықтауды аяқтау жоспарланып отыр. Алғашқы медициналық көмек жедел әрі сапалы түрде көрсетілуі тиіс. Алайда, шалғайдағы кейбір елді мекендерде қажетті жабдық жоқ», - делінген хабарламада.

ОДА медициналық жарақтандырылуы сапа көрсеткіштері бойынша орташа республикалық деңгейден жоғары болады. Алайда, осы ретте медицина қызметкерлерінің біліктілік дәрежесін қайта қарау және әрбір медициналық мекеме үшін қажетті жабдық тізімін құрастыру қажет.

Әкімдікте алғашқы көмек орнында көрсетілуі тиіс екені атап өтілді, ол үшін 1,5 млрд теңге бөлінді. Елді мекен неғұрлым шалғай орналасса, оның ОДА-сын заманауи медициналық жабдықпен соғұрлым жақсы жарақтандыратын боламыз.

Ағымдағы жылы 29 дәрігерлік амбулаторияда, 14 фельдшерлік-акушериялық және 17 медициналық пункттерде жөндеу жұмыстары жүргізілгенін атап өту қажет. 




Яндекс.Метрика