Өңірлер

Оңтүстік Қазақстанда көпқабатты 10 тұрғын үй пайдалануға берілді

Егенмендіктің ширек ғасырлық тойында Қоғам ауыл округі Мыңшұқыр елді мекенінде 180 пәтерлі көпқабатты 10 тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Южно-Казахстанская область 25 Қараша, 11:29

Жергілікті халықтың қуанышымен бөліскен өңір басшысы Ж.Түймебаев қоныс тойын тойлаушылардың қатары алдағы уақытта мұнан да көп болатынына сенім білдірді.

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында салынған үйлердің іргетасын қалау 2015 жылдың қазан айында басталған болатын. Жалпы ауданы 18 792 шаршы метр болатын көпқабатты баспаналарда 90 бір бөлмелі, 90 екі бөлмелі және 90 үш бөлмелі пәтер бар.

Алдағы уақытта Отырарда 450 пәтерлі 25 тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Жалпы, ауданда бүгінгі таңда тұрғын үй кезегіне 716 азамат тіркелген.





Яндекс.Метрика