Адами капитал

Ақтөбе облысында 74,3 млн теңге сомасына 9 бизнес жоба қаржыландырылған

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе облысында 74,3 млн теңгеге 9 жобаны қаржыландырған, Мәртөк, Ойыл және Әйтекеби аудандарында «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында 4 жұмыссыз жұмысқа орналастырылып, 35 адам жұмысқа орналасуға жіберілген.
Ақтөбе25 Қараша , 11:12

Ақтөбе облысының әкімдігінде хабарлағандай, 10 жұмыс күні ішінде 33 мыңнан астам ауыл тұрғыны 584 іс-шарамен қамтылған. 1,7 мың адам әр түрлі көмек алған.

«Жақыныңа көмектес» қайырымдылық акциясы аясында 53 адамға көмек көрсетілген. Атап айтқанда, Әйтекеби ауданында аз қамтамасыз етілген мұқтаж отбасыларға отын және шөп берілген. Мәртөк ауданында әлеуметтік дүкен ашылып, онда аз қамтамасыз етілген 16 отбасына балаларға арналған киімдер, аяқ киімдер және ойыншықтар берілген.

Мәртөк, Ойыл және Әйтекеби аудандарында 10 жұмыс күні ішінде 4 жұмыссыз адам жұмысқа орналастырылып, 35 адам жұмысқа орналасуға жіберілген. 

Бұдан бөлек, әкімдіктің ақпараты бойынша жұмыс топтарының сарапшылары ауылды жерлерде бизнес ортаны дамыту бойынша шаралар қабылдап жатыр. 




Яндекс.Метрика