Өңірлер

Талас ауданында 2016 жылы 23 ауыл шаруашылығы жобасы 202 млн теңгеге несие алды

Жамбыл облысының Талас ауданында 2016 жылы 20 шаруа қожалығының 23 жобасын іске асыруға 202 млн 520 мың теңге сомасына несие берілді, деп хабарланды өңірлік коммуникациялар қызметінде.
Жамбыл25 Қараша , 10:53

2016 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 20 шаруа қожалығының 23 жобасын іске асыруға 202 млн 520 мың теңге сомасына несие берді.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 9 жоба құны 82810 мың теңгеге 479 бас ІҚМ сатып алып, жоспар 310 бас 122,9%-ға орындалды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 9 жоба құны 65160,0 мың теңгеге 2653 бас қой сатып алып, жоспар 2275 бас 116,6%-ға орындалды.

«Құлан» бағдарламасы бойынша 5 жоба құны 54550,0 мың теңгеге 220 бас жылқы сатып алып, жоспар 240 бас 91,7%-ға орындалды.




Яндекс.Метрика