Халықаралық интеграция

ЕАЭО мемлекеттерінде жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін жағдайлар жасалған

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінің жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту үшін жағдайлар жасайтын нормативтік-құқықтық базаның негізі қалыптастырылды, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
Әлемде25 Қараша , 09:57

Мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) ЕАЭО елдерінің жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша жұмысының нәтижесі осындай. Бұл мәселе ЕЭК жанындағы Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитет отырысы аясында талқылаудың орталық тақырыптарының біріне айналды.

Атап айтқанда, Жоспар тармақтарын орындау үшін Одақтың Кеден кодексінің жобасына Комиссияның жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелуге болатын құн және салмақ нормаларын анықтау жөніндегі құзыретін айқындайтын толықтырулар енгізілді. Мұндай шара жосықсыз жеке тұлғалардың Одақ аумағына жеңіл өнеркәсіп тауарларын заңсыз әкелуін қысқартуға көмектеседі.

Бұдан бөлек, одақ мемлекеттерінің ауыл шаруашылығы өнімі бойынша сұраныстары мен ұсыныстарының жиынтық болжамды теңгерімдерін есептеу әдіснамасы әзірленіп, бекітілді.

Комитет ЕАЭО-дағы бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыратын жеңіл өнеркәсіп өнімін өндірушілерді қолдау тетігін көздейтін құжаттардың жобаларын мақұлдады. 




Яндекс.Метрика