Өңірлер

2017 жылы Талас ауданында 120 орындық мектептің құрылысы басталады

2017 жылы Жамбыл облысының Талас ауданында 120 орындық мектептің құрылысы басталады, деп хабарлады Талас аудан әкімінің орынбасары Қадырбек Садубаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Жамбыл25 Қараша , 09:36

Қадырбек Рысқұлбекұлы айтуынша, жиырма бес жыл ішінде «экономиканың локомотиві» саналатын құрылыс саласына қыруар қаржы бөлініп, елеулі жұмыстар атқарылды. Соңғы 8 жылда 24 елді мекеннің 12-сіне орталықтандырылған тораптық су жүйесі, 10 елді мекенге газ тартылды. 7 мектеп пен балабақшалар, 13 елді мекенде емдеу мекемелерінің ғимараттары соғылып, ел игілігіне ұсынылды. Қаратау қаласын жылумен қамтамасыз ету толығымен шешілді, ал қаладағы су және кәріз жүйелерінің құрылысы биыл аяқталады деп күтілуде.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары білім саласы да қиындықты бастан өткерді. Көптеген білім ошақтарының нысандары тозып, құлауға айналды. Осы тұста Елбасы «100 аурухана, 100 мектеп» бағдарламасын қабылдатып, апатты мектептердің орнына, осы заманға лайықталған жаңа білім ордалары салына бастады. Тек соңғы 10 жылда жаңа үлгідегі 7 мектеп пен балабақша бой көтерді. Аудандағы 3 апатты жағдайдағы мектептің ғимараттарын жаңадан соғу 2018 жылға дейін аяқталады деп күтілуде. Оның ішінде Есейхан ауылындағы 120 орындық мектептің құрылысы биыл аяқталды. Қараой ауылындағы 50 орындық мектептің құрылысы басталды, Қасқабұлақ ауылындағы 120 орындық мектептің құрылысы келер жылы басталады, - деп хабарлады Қ.Садубаев.




Яндекс.Метрика