Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Қазақстанда 560-тан астам ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған

2016 жылғы 8 қарашадағы жағдай бойынша 564 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркелген, деп хабарлады ҚР АШМ Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Еркебұлан Ахметов ОКҚ баспасөз конференциясы барысында.
Нұр-Сұлтан 24 Қараша, 18:12

61-қадамда шикізат базасын дамыту және өңделген өнімді экспорттау міндеті белгіленген.

Кремонини компаниясы Алматы облысында ет өңдеу кешенінің құрылысын жобалап бастады. Рифа Холдинг компаниясы «Еуразия Агро Холдинг»  ЖШС компаниясымен бірлесіп жылына 17 мың тонна қой етін өңдейтін ет өңдеу кешенін жобалауда.

Сондай-ақ аль Рамиз Интернейшнл компаниясымен бройлерлік бағыттағы құс фабрикасының құрылысы бойынша келісімшарт жасалды. Оның қазақстандық әріптесі - «Ak Kazyna Group» ЖШС.

Ұлт жоспарының 35-қадамы бойынша Министрлік жер реформасы шеңберінде қазақстандықтар үшін ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтау және жетілдіруді көздейтін заң жобасын әзірледі. Осылайша, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін жердің шекті мөлшері белгіленіп, шекара маңы аймақтарынан жер беруге қойылатын талаптар қатаңдатылды, елді мекендердің айналасынан тұрғындарға қажетті мал жайылымдары айқындалды.

Сондай-ақ конкурстық негізде ауыл шаруашылығы жерлерін жалға берудің жекелеген тәртібі әзірленді және елді мекендердің маңайындағы мал жайылатын жерлерді жалға беруге тыйым салуды белгілеу, отарлардан мал жайылатын жерлер бөлу көзделген. Жайылымдардағы мал басының шекті саны белгіленді, соған сәйкес мониторинг жүргізіледі.

Жоспардың 36-қадамы бойынша қоғамдастықтың қатысуымен арнайы құрылған комиссияның тұрақты мониторинг жүргізуі жолымен ауыл шаруашылығы жерлерін оңтайлы пайдалануды мемлекеттік бақылауды күшейту, жалға берудің үлгілік нысанын белгілеу жоспарлануда.

Ұлт жоспарының 55-қадамы бойынша экспорттық тауарлар жасау және Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуы үшін өңдеуші секторға кемінде он ТҰК тарту көзделген.

Бүгінгі таңда осы аталған қадам шеңберінде Вилмар (Сингапур) компаниясымен «Май мен соя өңдеу жөніндегі май экстракциялау зауытын құру», «Агромашхолдинг өндірістік алаңында комбайн жасау», «СиЭнЭйч индастриал» (Нидерланды) жобалары бойынша келіссөздер жүргізіле бастады.

АШМ «Eurazia Agro Holding»   ЖШС бірлесіп томат пастасын өндіретін зауыттың құрылысы жөніндегі Кофко ТҰК (КНР) жобасы бойынша мониторинг жүргізуде.

2015 жылы Кофко ТҰК (ҚХР) және «Eurazia Agro Holding» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 2015 жылы Атырау облысының Махамбет ауданында және Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында томаттың 12 сортын өсіру бойынша эксперимент жасалғанын атап өту керек.

2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді.





Яндекс.Метрика