Мәдениет, дәстүрлер және даралық

Қазақстанда әрбір этнос тілін, мәдениеті мен дәстүрін сақтап қалу үшін бұрынғысынша барлық жағдай жасалады – сарапшы

Қазақстанда әрбір этнос тілін, мәдениеті мен дәстүрін сақтап қалу үшін бұрынғысынша барлық жағдай жасалады. Бұл туралы «Видергебурт» Ақмола облыстық немістер қоғамының төрайымы Светлана Корнеева әңгімелеп берді.
Ақмола18 Желтоксан , 00:00

«Ұлт көшбасшысының сөзі ешкімді де бей-жай қалдырмаса керек. Әрбір қазақстандықтың өз еліне мақтаныш сезімі оянды деп ойлаймын. Мені Президенттің әрбір Жолдауы ынталандырады. Жұмысқа деген құлшынысымды арттырып, мемлекет пен отандастарым үшін пайдалы іс тындыруға үндейді. 

Әлемнің дамыған отыз елінің қатарына қосылу орындалмас арман емес деп ойлаймын, өйткені Мемлекет басшысы Мемлекет басшысы барлық жолды ашып берді, Қазақстанның әлеуеті мен болашағы зор. Жаңа бағдарламаның ауқымдылығы мен таңқалдырды. 

Мені этномәдени бірлестіктердің басшысы ретінде Президенттің біздің елімізде әрбір этнос тілін, мәдениеті мен дәстүрін сақтап қалу үшін бұрынғысынша барлық жағдай жасалады деген сөзі қатты қуантты. Сонымен қатар жастарға үлкен көңіл бөліп отыр, өйткені стратегияны жүзеге асыратын солар. Біз жастарға сапалы білім, лайықты жұмыс беруге тиіспіз», - С.Корнеева.




Яндекс.Метрика