«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

«Нұрлы жол»: ШҚО-да жылумен жабдықтау нысандарын жаңғырту бойынша 7 жоба іске асырылуда

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» бағдарламасы және моноқалаларды дамытудың кешенді жоспарлары аясында жобаларды іске асыру барысы туралы кеңес өткізді, деп хабарлады өңір әкімдігі.
Шығыс Қазақстан24 Қараша , 19:16

Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ринат Омаров 2015 жылдан бастап мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген 4 млрд теңге сомасына жылумен жабдықтау нысандарын жаңғырту бойынша 12 жоба іске асырылып жатқанын айтты. Бүгінгі таңда Өскемен қаласындағы «Өнеркәсіптік база ауданының №3 қазандығынан басталатын жылу трассасының құрылысы» және «Менделеев көшесінің бойындағы жылумен жабдықтау желілерін қайта құру» жобалары аяқталған. 7,2 шм жылу желісі салынды. Қалған 10 жоба Семей қаласы бойынша, бүгінгі таңда олардың бесеуі іске асырылған.

Бұдан әрі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Алмасхан Сматлаев Аягөз, Зайсан, Шар және Шемонаиха қалаларының кешенді даму жоспарларының орындалу барысы туралы ақпарат берді. 




Яндекс.Метрика