Қазақстан және БҰҮ

ШЫҰ Еуразиядағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқарады – БҰҰ Бас хатшысы

Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Қамалдинов Нью-Йорк қаласындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының 15 жылдығына арналған іс-шараға қатысты.
Әлемде 24 Қараша, 20:24

ШЫҰ 15 жылдығын тойлау аясында Қазақстанның бастамасы бойынша 2016 жылғы 22 қарашада БҰҰ штаб-пәтерінде А. Қамалдиновтың төрағалығымен жоғары деңгейдегі отырыс өтті.

Оған БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Рашид Әлімов, БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдері қатысты.

БҰҰ Бас хатшысы өз сөзінде Ұйым Еуразиядағы анағұрлым өзекті мәселелерді шешу үшін өңірлік ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Ұйым қызметі де экономика, білім беру, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және басқа салалардағы тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Ұйым терроризмге қарсы тиімді күрес жүргізуге, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына және басқа да қылмыстарға қарсы күрес жүргізуге ықпал етеді. 

Сондай-ақ, А. Қамалдинов БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің "Су, бейбітшілік және қауіпсіздік" тақырыбына өткен ашық дебатына қатысты. 

 





Яндекс.Метрика