ҚР Президентінің Жолдауы

Шымкентте жыл соңына дейін 4 мыңнан астам адам жұмыспен қамтамасыз етіледі (ФОТО)

Шымкентте «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп, онда 2224 бос жұмыс орны ұсынылды.
Южно-Казахстанская область 25 Қараша, 08:54

Қалалық әкімдіктің ақпараты бойынша,  жәрмеңкеге қала аумағында орналасқан 248 кәсіпорындар мен мекемелер қатысып, 2224 бос жұмыс орындарын ұсынып отыр.

Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандарды таңдауға, ал жұмыс іздеп келген азаматтар мамандықтары бойынша жұмысқа тұруына мүмкіндік туып отыр.

Айта кетерлігі, қалалық  жұмыспен қамту органдары жылдық жоспарға сәйкес 4443 тұрақты жұмыс орнына, әлеуметтік жұмыс саласы бойынша  1160 азаматты, жастар практикасымен 2070 жас түлекті жұмыспен қамту көзделуде.





Яндекс.Метрика