Басқару

Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде 980 мыңға жуық шетелдік азамат Қазақстан азаматтығын қабылдады (ФОТО)

Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойғаннан кейін жақын және алыс шет елдерден келген 600-ден астам әр түрлі ұлт өкілі жаңа қазақстандықтарға айналады. ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова хабарлағандай, тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде 980 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстан азаматтығын қабылдады.
Нұр-Сұлтан 24 Қараша, 16:29

Атап өтейік, бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекет басшысының жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыста қазақстан азаматтығын қабылдау және одан шығу мәселелері қаралды.

Мемлекеттік хатшы тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан азаматтары болғысы келетін адамдар саны тұрақты өсіп келе жатқанын атап өтті. Бұл факт Мемлекет басшысының басшылығымен елдің тұрақты дамуын, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын және ұлтаралық және азаматтық келісімін дәлелдейді.

«Бүгін біз азаматтардың өтініштерін қараймыз. Тәуелсіздік жылдары ішінде 983 мың 733 адам келді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Қазақстан азаматтығын алғысы келген жаңа адамдарды қуана қарсы аламыз», - деді Г. Әбдіқалықова.

Мемлекет басшысы  тиісті жарлыққа қол қойғаннан кейін жақын және алыс шет елдерден келген 600-ден астам әр түрлі ұлт өкілі жаңа қазақстандықтарға айналады.

Отырыс қорытындылары бойынша Комиссия тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылдайды.

Сурет Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика