Парламент

Қазақстанда бизнес ашу шарттарын оңайлату қажет – Сенат депутаты

Қазақстанда бизнес ашу шарттарын оңайлату қажет, шағын және орта бизнес деңгейлері неғұрлым жоғары болса – мемлекет соғұрлым тұрақты және дамыған болып саналады, деді Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің басшысы Асқар Бейсенбаев Сенатта ШОБ мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша ҰЭМ, «Атамекен» ҰКП өкілдерімен және басқа да мүдделі тұлғалармен кездесу барысында.
Нұр-Сұлтан24 Қараша , 16:08

«Бүгін ҚР-дағы шағын және орта бизнес үлесі ЖІӨ-нің 25%-ын құрайды. Бұл біздің мемлекетіміздің деңгейі емес, бұдан да жоғары болуы тиіс. Мемлекет басшысы 2050 жылға дейін бұл деңгейді ЖІӨ-нің кемінде 50%-ына жеткізу міндетін қойды. Дамыған елдерде ол деңгей 40-90%-ға жетеді. Шағын және орта бизнес деңгейлері неғұрлым жоғары болса – мемлекет соғұрлым тұрақты және дамыған болып саналады», - деді Сенат депутаты Асқар Бейсенбаев.

Оның айтуы бойынша, шағын және орта бизнес сыртқы ортаның сын-тегеуріндеріне анағұрлым икемді болып келеді. Сондықтан қиын жылдары Жапония, Германия, Америка сияқты елдердің экономикасы шағын және орта бизнестің арқасында көтерілген.

«Соңғысында шағын бизнестің үлесі, әсіресе  инновациялық қызметтер саласында 60%-ға дейін жетеді», - деді ол.

Ол негізгі проблемаларды атап көрсетті, солардың бірі негізсіз тексерулер. 




Яндекс.Метрика